Кикбоксинг шебері Сабыржан Махметов өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаралы хабарды журналист Қанат Ескендір әлеуметтік желіде жеткізді.
"Бір заманның батыр ұлы еді... Бұл кісі де келместің кемесіне мінді деген суық хабар жетті… Бақұл болыңыз, Сабыржан аға…" - деп жазды журналист.
Айта кетейік, Сабыржан Махметов - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!