Кейн 35 дүркін чемпионмен келіссөз жүргізіп жатыр

"Бавария" шабуылшысы Харри Кейн клубпен келісімшартын ұзартуы мүмкін. Тараптар жаңа келісім бойынша ымыраға келген тәрізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ағылшын футболшысының мюнхендік клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылғы маусымға дейін жарамды.

Келіссөздердің екінші кезеңінен кейін келісімшартты кем дегенде 2029 жылға дейін ұзарту көзделіп отыр. Тараптар әзірге келісімнің нақты мерзімі мен шарттарын талқылап жатыр.

Келіссөзге футболшының ағасы әрі агенті Чарли Кейн де қатысқан. Ол жақында Германияға келіп, "Бавария" басшылығымен жаңа кездесулер өткізген. Бұған дейінгі кездесу де оң шешіммен аяқталған.

Кейннің өзі келіссөз дұрыс бағытта өрбіп жатқанын айтты. Оның пікірінше, тараптар бір-екі ай ішінде ортақ келісімге келуі мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!