- Негізгі бет
- Спорт
- Кениялық Беатрис Чепкоеч...
Кениялық Беатрис Чепкоеч 5 км-ге жүгіруден әлемдік рекорд орнатты
Фото:
athletics.africa
Кениялық желаяқ Беатрис Чепкоеч 5 шақырымға жүгіруден әлемдік рекорд орнатты. Спортшы бұл жетістікке Монакодағы жарыста жетті.
Беатрис Чепкоечтің 5 шақырымға созылған қашықтықта мәре сызығын 14 минут 43 секундта қиды. Бұл нидерландылық Сифан Хассанға тиесілі бұрынғы әлемдік рекордтан бір секундқа жақсы көрсеткіш.
29 жастағы желаяқ кедергілер арқылы 3 мың метрге жүгіруден қазіргі әлем чемпионы. Бұл спорт түрінен ол әлемдік жетістікке ие – 8.44,32.