Қазыбек Қалмағамбетов әлем чемпионатының финалына шықты

Қазыбек Қалмағамбетов әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: UWW

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Спортшы 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін күреседі.

Жартылай финалда Қазыбек Қалмағамбетов Венгрия өкілі Петр Житовозды 7:5 есебімен жеңді. Оның финалдағы қарсыласы Беларусь өкілі Михаил Марковский болмақ.

Шешуші белдесу бүгін, яғни 18 тамызда өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget