"Қазақтар айғайлап жатыр, біздің дауыс естілмейді"‎. Өзбекстанда өткен ӘЧ-да еліміз жанкүйерлері жұртты тәнті етті

"Қазақтар айғайлап жатыр, біздің дауыс естілмейді"‎. Өзбекстанда өткен ӘЧ-да еліміз жанкүйерлері жұртты тәнті етті
Фото: qaz365.kz

Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында жергілікті халық қазақ боксшыларын қолдаған қазақстандықтарға  тәнті болған.

"Нағыз бокс жанкүйерлері Қазақстаннан келді. Ал бізден, негізінен, студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер келіпті. Қазақтар айғайлап жатқанда ештеңе естілмейді. Әлем чемпионаты қай елде өтіп жатыр?", - деп жазды bugun_sport  instagram парақшасы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sport Yangiliklari (@bugun_sport)

Айта кетейік, Өзбекстанда өткен бокс кешінде Қазақстан қоржынына төрт  алтын түсті. 

80 келі салмақ дәрежесінің финалында 22 жастағы Нұрбек Оралбай Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездесіп, төреші шешімімен жеңіске жетті.

Бірінші раундта жеңіс Нұрбек Оралбайға берілді (4:1). Екінші раунд та тартысты өтті, бұл жолы да қазақстандық тағы да жеңіске жетті (3:2).

2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы 19 жастағы Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін) атанды.

Екінші алтынды 21 жастағы Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) алса, 2023 жылғы әлем чемпионатының күмісін 28 жастағы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) иеленді.

Қазақстанға үшінші жеңісті 29 жастағы Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) әкелді, ол өзбекстандық қарсыласымен тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Т. Раушанұлы