Ерлер арасында Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик "Үлкен дулыға" санатына енетін Аустралия ашық чемпионатының екінші кезеңіне шыға алмады. Ол бірінші айналымда үнді теннисшісі Сумит Нагалға жол берді.
АТР рейтингінде 27-орында тұрған Бублик іріктеу арқылы жарысқа қосылған қарсыласына мықтылығын мойындата алған жоқ. Керісінше үнді спортшысы айқын басымдығын байқатты. Үш сетте 4:6, 2:6, 6:7 есебімен жеңіп кетті. Сумит Нагал АТР рейтингінде 137-орында тұрған спортшы.
Бұған дейін жекелей сында Юлия Путинцева жарысты бірінші айналымда аяқтаған еді. Ол ресейлік Анастасия Захаровадан айласын асыра алмаған болатын.
Бүгін тағы бір қазақстандық теннисші кортқа шығады. WTA рейтингінде үшінші орында тұрған Елена Рыбакина Каролина Плишковаға қарсы ойын өткізеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!