Қазақстанның могулшылары маусымды төрт алтын медальмен бастады

Қазақстанның фристайл-могул командасы Аустрияның Хинтертукс тау шаңғысы курортында өткен FIS Open халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Қазақстандық спортшылар маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі - алтын.

Павел Колмаков пен Анастасия Городко могул мен параллельді могулда алтын жүлдеге ие болды.

Аяулым Әміренова могулда екінші болып келсе, Антон Бондарев могул бойынша үшінші болып мәреге жетті.