Қазақстанның қай өңірінде спорт жақсы дамығаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтыр қаңтар-желтоқсанда ҚР-да спорт саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 7,4 миллиард теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай 1,7 пайыз көп.
Ең көп қаражат спорт нысандарын пайдалануға жұмсалды: 4,6 миллиард теңге, бір жылдағы өсім 9,2 пайыз. Фитнес клубы қызметіне күрделі салым 1,6 миллиард теңгені (39 пайыз азайған), спорт клубы қызметіне 669,6 млн теңге (2,1 есеге көбейген).
Өңірлер бойынша Астана көшбасшы болды: 3,1 миллиард теңге, бір жылда 17,8 пайыз көбейген. Одан кейін Алматы (2,2 миллиард теңге, бір жыл бұрын 576,8 млн теңге болған) және Қостанай (546,3 млн теңге, 13,6 пайыз көбейген) облыстары.
2023 жылдың қаңтар–қыркүйегі қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялар спорт саласында 166,3 миллиард теңгенің қызметін көрсетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 30,1 пайыз көп. Оның ішінде ауылдарда сала бойынша қызмет көрсету көлемі 10,1 миллиард теңге.
Соның ішінде спорт нысандарын пайдалану саласындағы қызмет бір жылда 16 пайыз өсіп, 26 миллиард теңгеге, спорт клубы қызметі - 16,4 пайыз, 27,4 миллиард теңгеге көбейсе, фитнес клуб қызметі 12,7 пайыз, 26 миллиард теңгеге дейін төмендеді.
Халыққа 30,6 миллиард теңгенің, оның ішінде ауылдық жерлерде 451,3 млн теңгенің қызметі көрсетілді.
Өңірлер бойынша спорт саласындағы қызметтің ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 41,8 миллиард теңге - бір жыл бұрынғыдан ақшалай 28,4 пайыз көп. Алматы (41,6 миллиард теңге), Қарағанды облысы (11,1 миллиард теңге) және Шымкентті (9,8 миллиард теңге) де спортсүйер өңірлер деп атауға болады.
Спорт саласында ең аз қызмет Ұлытау, Абай және Қостанай облыстарында көрсетілген.
Қазақстанда спорт басқармаларының қызметі қаржыны ұрлау немесе мақсатсыз жұмсау фактілері бойынша тексеріледі, деп хабарлайды Хабар24. Бұған дейін қадағалау органдары ArtSport бағдарламасын жүзеге асыру барысында жосықсыз кәсіпкерлер тарапынан ауқымды заң бұзушылықтарды анықтаған. Келтірілген шығын ондаған миллион теңге.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!