Қазақстанның хоккей құрамасы Италияны ойсырата жеңді

Қазақстанның хоккей құрамасы Әлем чемпионатының алтыншы матчында Италия құрамасымен кездесіп, ойсырата жеңді. Есеп 11:3.

Кездесу Рига қаласында өтті. Бұл жолғы кездесуге қазақстандық құрамада Бояркин (Шутов) – Маклюков-Диц, Акользин-Сагадеев-Шевченко; Сведберг-Блэкер, Михайлис-Волк-Старченко; Степаненко-Шалапов, Шин-Шестаков-Рымарев; Асетов-Петухов, Панюков-Лихотников-Савицкий сынды ойыншылар өнер көрсетті.

Есепті ең алдымен ашқан – қазақстандық құрама. Ойынның үшінші минутында Роман Старченко қарсыластың командасына шайба салып үлгерді. Италья құрамасы жағынан бірінші боп есеп ашқан – Анджело Мичели. Есеп теңескенімен, қазақстандық құрама қатарынан екі шайба салып, алға кетті.

Қазақстандық құрамадан Егора Петухов пен Евгения Рымарев, Никита Михайлис, Кертис Волк, Кирилл Панюков, Старченко, Виктор Сведберг, Егор Шалапов, Артем Лихотниковтер шайба салды.

Осы жеңістің арқасында ел құрамасы 10 ұпай алып, плей-офф кезеңіне өтуші командалар тізімінде екінші орынға көтерілді.

Ел құрамасының кезекті кездесуі 31 мамырда АҚШ-та өтпек. Онда Норвегия командасымен кездеседі.