Қазақстанның екінші ракеткасы Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды

Қазақстанның екінші ракеткасы Хобартта ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 45-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттомен сынға түсті. Бірінші партияда италиялық спортшы бет қаратпады – 6:0. Кочаретто екінші сетте де 5:2 есебімен алда тұрып, матчқа доп берді. Дегенмен бұдан кейін Путинцева қатарынан бес геймді алды – 7:5. Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте италиялық теннисші тағы да матчқа доп бергенімен, Юлия қайыра брейк жасады. Ақыры ол тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

Юлия Путинцева ширек финалына шығу үшін әлемнің 35, доданың 5-ракеткасы, чехиялық Мария Боузкова немесе рейтингіде 90-сатыдағы швейцариялық Виктория Голубичтің біреуімен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан