Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Париждегі "Үлкен дулыға" турнирінің финалында есе жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшы сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге финал матчте чехиялық-америкалық Катерина Синякова/Тейлор Таунсенд дуэтінен 2:6, 5:7 есебімен ұтылды. Кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бұған дейін Данилина микст санатында жартылай финалға шығу үшін өткен матчте жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған болатын. Америкалық теннисші Джеймс Трейсимен жұптасқан қазақстандық спортшы италиялық Сара Эррани мен Андреа Вавассори жұбына қарсы ойнады. Кездесу италиялық дуэттің пайдасына 2:0 (6:2, 6:2) есебімен аяқталды.
Еске салайық, турнирдің жұптық сынындағы алғашқы матчінде Анна Данилина чехиялық Малечкова/Скоч жұбын айқын басымдықпен жеңіп, одан кейін 4:1 есебімен Майя Джойнт/Хенне Вандевинкель тандемін қапы қалдырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz