Қазақстанның бірінші ракеткасы Бельгиядағы турнирдің ширек финалында ойнайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Бельгиядағы турнирдің ширек финалында ойнайды
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Белгия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші беташар кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен өткізді.

1 сағат 7 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:4, 6:2 есебімен Александр басым түсті. Бәсеке барысында Бублик 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 226-сатыдағы тағы бір франциялық, 20 жастағы Джованни Мпетчи Перрикармен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан