Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жұптық сында қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жартылай финалда қазақстандық жұп Тайбэй өкілдері Се Шувэй және Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матчта қарсыластар екі сетте де басым түсіп, 7:6 (7:3), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Путинцева жеке сында да Азия ойындарының қола медалін иеленген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!