Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
Фото: ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі Анна Данилина Римдегі WTA-1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1/16 финалда қазақстандық спортшы америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге Қытай дуэті - Цзянь Синьюй мен Сюй Ифаньды 6:4, 1:6, 13:11 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 29 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық пен америкалық теннисші бір эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және 12 брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) жарияланымы

Келесі кезеңде қазақстандық-америкалық дуэт Ирина Хромачева мен Джулиана Олмос жұбымен кездеседі.

Олардың кездесуі ертең, 12 мамырда өтеді, уақыты кейінірек хабарланады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget