Астанада таеквондодан ірі халықаралық турнир Kazakhstan Open-1025 G1 сайысының бірінші күні өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарыстың алғашқы күнінде ересектер арасында жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы жалпы 38 медаль жеңіп алды, оның ішінде 10 алтын медаль бар.
Алтын медаль иегерлері: Еркебұлан Еңсегенов (54 келі), Жавохирхан Исламов (58 келі), Нұрбек Ғазез (68 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Батырхан Төлеуғали (80 келі), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Айдана Құмартаева (46 келі), Нодира Ахмедова (53 келі), Нұрай Кұсайынова (67 келі), Назым Махмудова (73 келі).
Турнирдің қалған екі күнінде жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова