Қазақстандық пара спортшылар шахматтан әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүлдеге іліккен спортшылардың тізімі:
- Айғаным Қамбарова - екі күміс, бір қола;
- Бақытжан Майкенов - бір күміс, бір қола,
- Әлімжан Аяпов - бір күміс, екі қола,
- Серік Солтанов - бір қола.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Үндістанның Гоа қаласында 21-30 шілде аралығында өтті. Жарысқа 18 елден 100-ден аса спортшы қатысты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова