Спорттық жартасқа өрмелеуден Қытайдың Тайань қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыста қазақстандық екі спортшы күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
Жартасқа өрмелеудің жылдамдық сайысында Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева екінші орыннан көрінді. Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Тамара Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.
Айта кетейік, Әмір Маймұратов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, ширек финалға дейін шыққан болатын.
О. Сансызбай