Қазақстандықтар бокстан Азия чемпионатының алтыны үшін бақ сынайды

10 мамырда жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финал жекпе-жектері аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сегіз спортшы жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Ал екі спортшы турнирді қола медальмен аяқтады.

15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының 1/2 финал жекпе-жектерінің нәтижелері

33 келіге дейін: Саят Рахымберді - Шамшод Комилов (Өзбекстан) - 5:0.

35 келіге дейін: Жақсылық Ермекұлы - Рохит Позина (Үндістан) - 5:0.

37 келіге дейін: Сұлтанғали Нұрмахан - Файозбек Норалиев (Өзбекстан) - 0:5.

43 келіге дейін: Бейбарыс Қойшыбай - Адам Магбул (Иордания) - 1-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіс.

55 келіге дейін: Нұрислам Бақтыбаев - Харшвардхан Жина (Үндістан) - 5:0.

61 келіге дейін: Рауан Тоғызбай - Чинг-Тиен Ю (Қытай Тайбэйі) - 5:0.

64 келіге дейін: Дінмұхамед Молдахан - Самандар Жұрабоев (Өзбекстан) - 1:4.

67 келіге дейін: Аманжан Жанай - Бобур Ниязов (Өзбекстан) - 4:1.

70 келіге дейін: Аян Бауыржан - Мухаммад Бурханов (Қырғызстан) - 5:0.

70 келіден жоғары: Айбын Мәжит - Зубаир Жұрабаев (Қырғызстан) - 2-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Еске салайық, 15 пен 17 жас аралығындағы спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр, ол 15 мамырға дейін жалғасады.

15 жасқа дейінгі санатта турнирдің алтын жүлдесі үшін өтетін финал жекпе-жектер бейсенбіде, 14 мамырда өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!