Қазақстандықтар бокстан Азия чемпионатында медаль жеңіп алды

 Қазақстандықтар бокстан Азия чемпионатында медаль жеңіп алды
Фото: ҚБФ

Сегіз қазақстандық боксшы жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 жартылай финал жекпе-жектің сегізінде Қазақстан өкілдері жеңіске жетіп, турнирдің кем дегенде қола жүлдесін иеленді.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатының 1/4 финал жекпе-жектерінің нәтижелері

50 келіге дейін: Нұрасыл Ғалым — Ширю Ичино (Жапония) — 5:0;
52 келіге дейін: Бекхан Оразбай — Нуттапон Бунвисет (Тайланд) — 5:0;
57 келіге дейін: Нұрислам Оңалбек — Аслиддин Усубалиев (Өзбекстан) — 3:2;
60 келіге дейін: Эмир Мұхит — Карунг Албертсон Ком (Үндістан) — 5:0;
63 келіге дейін: Мейіржан Жүніс — Такума Ида (Жапония) — 3:2;
66 келіге дейін: Ислам Сүлейманоғлы — Ранвир (Үндістан) — 5:0;
70 келіге дейін: Нұрасыл Оразалы — Абдувохид Абдумажидов (Өзбекстан) — 0:5;
75 келіге дейін: Төрехан Қанатбай — Маруфжон Тошпулатов (Өзбекстан) — 0:5;
80 келіге дейін: Әлібек Алпамыс — Ен-Ю-Чунг (Қытай Тайбэйі) — техникалық нокаутпен жеңіс;
80 келіден жоғары: Сабыржан Сағым — Сидхант (Үндістан) — 5:0.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба

Еске салайық, 15 пен 17 жас аралығындағы спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр, ол 15 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 17 жасқа дейінгі санатта сегіз қыз бен сегіз жасөспірім финалға шығу үшін бақ сынайды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget