Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионы атанды

Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионы атанды
Фото: ©instagram.com/iwfnet

Қазақстандық зілтемірші Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz

Мексикадағы турнирде ол 67 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Сәулебеков қос жаттығу қорытындысы бойынша 281 (123+158) келіні еңсерді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында осымен үшінші медалін иеленіп отыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от IWF (@iwfnet)

Е. Төлеш