Қазақстандық волейболшылар Филиппинде көш бастады

Қазақстандық волейболшылар Филиппинде көш бастады
Фото: depositphotos.com

Кандон қаласында (Филиппин) волейболдан әйелдер арасында AVC Women’s Nations Cup турнирі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі үшінші матчын Иран құрамасына қарсы өткізді. Кездесу 3:1 есебімен (13:25, 25:20, 25:14, 25:18) отандастарымыздың жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Гонконгты (3:1), Индонезияны (3:0) жеңген болатын. Тоғыз ұпай жинаған құрама В тобында бірінші орынға көтерілді.

Қалған матчтарда қазақстандық волейболшылар Ливан және Вьетнам құрамаларымен кездеседі.

Айта кетейік, А тобында Филиппин, Тайбэй, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Аустралия құрамалары өнер көрсетіп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget