Қазақстандық Владимир Никитин хоккейден әлем чемпионатындағы үздік қақпашы атанды

Қазақстандық Владимир Никитин хоккейден әлем чемпионатындағы үздік қақпашы атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстан командасының қақпашысы Владимир Никитин Будапештте өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Никитин әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен. Ол орта есеппен соққылардың 94,44 пайызын қайтарған. 

Сондай-ақ, ол басқа қақпашылармен салыстырғанда айдында көп уақыт өткізді. Бас бапкері Владимир Никитинді бес кездесудің барлығына да қатыстырды. 

Турнир барысында Қазақстан командасының қақпашысы 119 сейв жасаған. 

Владимир Никитин турнирдің үздік қақпашысы атанып қана қоймай, Қазақстан командасының үздігі атына да лайық деп танылды.

Еске салайық, хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Будапештте бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Аустриядан жеңілді.

Жеңіліске қарамастан, Сергей Старыгиннің шәкірттері 13 ұпаймен турнирді бірінші орында аяқтап, элитаға шықты. Олардан кейін Дания (9), Франция (9), Аустрия (8), Венгрия (4) және Жапония (2) тұр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан