Қазақстандық велоспортшы Азия біріншілігінде күміс жеңіп алды

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының велошабандозы Денис Сергиенко Малайзиядағы Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.

Ол кросс-кантри санатындағы жарыста мәреге екінші келді. Бұл сында алтын жапониялық, ал қола қытайлық спортшыға бұйырды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан командасы аралас эстафетада қола жүлде жеңіп алған болатын.