Қазақстандық төреші Париж Олимпиадасына шақырту алды

Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі төреші Алуа Бектұрова Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына шақырту алды, – деп хабарлайды Olympic.kz

Халықаралық көркем гимнастика федерациясы 2024 жылғы Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық Алуа Бектұрова да бар.

Айта кетейік, Алуа бұған дейін Испанияда өткен әлем біріншілігінде төрелік еткен болатын. Халықаралық федерация оның жұмысын жоғары бағалап, техникалық комитет арнайы алғыс хатпен марапаттаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!