Қазақстандық теннисшілер АЧ-ның ширек финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисшілер АЧ-ның ширек финалында жеңіліп қалды
Фото: ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолынан шығып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ширек финалда ұлттық құрама Жапония құрамасына 2:3 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық спортшылар кездесуде екі рет алға шықты. Алдымен Кирилл Герасименко Хирото Синозуканы 3:2 есебімен жеңсе, кейін Алан Құрманғалиев Юта Танаканы 3:1 есебімен ұтты. Алайда жапониялық теннисшілер ойын барысын өз пайдасына өзгерте алды.

Томоказу Харимото Ескендір Харкиді 3:0 есебімен, кейін Кирилл Герасименконы 3:1 есебімен жеңді. Ал шешуші ойында Хирото Синозука Ескендір Харкиден 3:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасы жүлдеден үмітін үзгенімен, 5-8-орындар үшін бақ сынайды. Енді қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасымен кездеседі. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget