Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Григорий Ломакин жұптық сында ресейлік Павел Бар-Бирюковпен бірге өнер көрсетіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда қазақстандық-ресейлік жұп Үндістан өкілі Джеван Недунчежиан мен ресейлік Сергей Бетовты 4:6, 7:5, 10:8 есебімен жеңді.
Енді финалға шығу үшін Григорий Ломакин мен Павел Бар-Бирюков Үндістан теннисшілері Мукундр Сасикумар және Адиль Калианпурмен кездеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова