- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстандық теннисші Түркиядағы...
Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің финалына шықты
Фото:
ktf.kz
17 жасар қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Анталияда (Түркия) өтіп жатқан ITF W25 турнирінде жұптық сынның финалына шықты, - деп хабарлайды Almaty.tv ҚТФ-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аружан Сағындықова қытайлық Ю-Юн Лимен жартылай финалда қазақстандық Жанель Рүстемова және Сандуғаш Кенжебаевамен шеберлік байқасты.
Аружан мен Ли айқын басымдық танытты - 6:1, 6:3.
Ертең олар ресейлік апалы-сіңлілі Золотаревалармен бас жүлдені сарапқа салады.
Аружан жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, тартысты матчте сербиялық Наталия Сеничке жол берді - 6:3, 1:6, 5:7.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек