Қазақстандық теннисші Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі (U13) санатта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Жәния Бекмұхамбетова Үндістан өкілі Шреошри Чакрабортиді 3:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, осы жас санатында өнер көрсеткен Назерке Болатбек ширек финалға дейін жетті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!