Қазақстандық теннисші өмір бойына жарыстардан шеттетілді

Қазақстандық теннисші өмір бойына жарыстардан шеттетілді
Фото: olympic.kz

Халықаралық әділ теннис агенттігі (ITIA) келісілген ойын өткізгені үшін үш теннисшіні жазалады. Олардың қатарында қазақстандық Тимур Хабибулин де бар. 

ITIA шешімімен Тимур өмір бойына жарыстарға қатыса алмайды. Сондай-ақ 60 мың доллар айыппұл төлейді. Ол 2014 және 2019 жылдар аралығында өткізген 21 ойынына қатысты айыпталған. 

Тимурдан өзге өзбекстандық Санжар Файзиев 3 жылға жарыстардан шеттетіліп, 15 мың доллар айып төлейтін болды. Израиль елінің атынан шығатын Игорь Смиланский 2 жылға шеттетіліп, 4 мың доллар айыппұл арқалады. 

Теннисшілердің жаза мерзімі 2023 жылдың 25 шілдесінен басталған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай