- Негізгі бет
- Спорт
- "Қазақстандық теннисші". Олимпиада...
"Қазақстандық теннисші". Олимпиада чемпионы баласының әкесі кім екенін айтты
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделина Сотникова баласының әкесі кім екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
2014 жылғы Олимпиада чемпионы былтыр қазанда ана атанды, алайда сәбидің есімі мен әкесі кім екенін құпия ұстады.
Жақында мәнерлеп сырғанаушы "Татарка FM" арнасына сұхбат беріп, бірден бірнеше құпияны ашты. Сотникова баланың жынысы мен есімі туралы айтып, күйеуін де көрсетті. Спортшының баласының есімі - Адриан. Алайда спортшы сүйіктісімен үйлену тойын жасамаған.
Сотникованың сүйіктісі әрі баласының әкесі - қазақстандық теннисші Дмитрий Попко. Сотникованың айтуынша, баланың әкесі халықаралық жарыстарға жиі қатысып, көп уақытын шетелде өткізетіндіктен, олар бір-бірін жиі көрмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек