- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстандық теннисші Мадридтегі...
Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің екінші кезеңінен аса алмады
Юлия Путинцева Мадридте (Испания) WTA 1000 турнирінің екінші айналымынан аса алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 сәуірде қазақстандық теннисші екінші кездесуін өткізді. WTA рейтингінде 51-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемнің 4-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсия болды.
Матч 1,5 сағатқа созылды. Каролин Гарсия 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бүгін жекелей сындағы алғашқы матчын өткізеді. Оның қарсыласы - ресейлік Анна Калинская.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан