Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Фото: www.ktf.kz

Қазақстандық теннисші Гозаль Айнитдинова Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ITF Junior Taskhent халықаралық жасөспірімдер арасындағы турнирдің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Ақтық сында отандасымыз ресейлік Камила Рахимованы 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда он алты жасарлық Гозаль Айнитдинова турнирдің үшінші ракеткасы Мария Солнышкинадан басым түскен болатын. 

Ж. Исакаев
Logotype Massaget