Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Massaget.kz.
Қазақстандық спортшы словениялық Вероника Эрьявецпен жұптасып өнер көрсетті.
Финалда Құламбаева мен Эрьявец украиналық Валерия Страхова және ресейлік Анастасия Тихоновамен кездесті. Қазақстандық-словениялық жұп екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Турнир барысында Құламбаева мен Эрьявец түркиялық Ипек Өз бен грекиялық Деспина Папамихаилді де ұтқан. Ал жартылай финалда аустралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборннан басым түсті.
Жібек Құламбаева WTA 125 турнирлерінде қатарынан екінші титулын жеңіп алды. Бір апта бұрын ол Эрьявецпен бірге Колумбияның Сопо қаласында өткен жарыста да чемпион атанған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай