Қазақстандық теннисші Болгарияда жеңімпаз атанды

София қаласында (Болгария) теннистен ITF Juniors J30 сериясы бойынша жасөспірімдерге арналған турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарыста 16 жастағы қазақстандық Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Иван швейцариялық әріптесі Чарли Базилмен бірге тартысты финалда украиналық-болгариялық жұп Родион Четвериков пен Самуил Пешевті 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.

Бұл жеңіс Иван үшін ITF жасөспірімдер турнирлеріндегі алғашқы жүлде болды. Бұған дейін ол жұптық сында Марокко мен Қытайда өткен ITF Juniors турнирлерінің финалына дейін жеткен еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз