Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA 250 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA 250 турнирінде жеңіске жетті
Фото: ©ҚР ҰОК

Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен WTA 250 турнирінде жұптық разрядта чехиялық теннисші Мария Боузковамен бірге чемпион атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Финал кездесуде Қазақстан мен Чехия өкілдері Тайваньнан келген Се Шувэй мен австралиялық Майя Джойнтты 6:4, 7:5 есебімен жеңді.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Анна Данилинаның жұптық разрядтағы WTA турнирлерінде 13 чемпиондық атағы бар: WTA 1000 санатында - 1, WTA 500 - 2, WTA 250 - 7 және WTA 125 - 3. 2023 жылы Данилина финляндиялық Харри Хелиеваарамен бірге US Open турнирінде микст санатында жеңіске жеткен болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget