Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (№45) кәсіби мансабындағы ең үлкен жеңісіне қол жеткізді. Германияның Галле қаласында өтіп жатқан АТР 500 турнирінің екінші кезеңінде ол әлемдік рейтинг көшбасшысы, италиялық Янник Синнерді (№1) жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Александр Бублик пен Янник Синнер арасындағы ойын 2 сағат 4 минутқа созылды. Ерекше мінез танытып, бар күш-жігерін салған қазақстандық теннисші 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын алғаш рет жеңіп отыр.
Ширек финалда қазақстандық теннисші Чехия өкілі Томаш Махачпен (№23) кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова