Қазақстандық Аружан Сағандықова (жұптық рейтингте №677) Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен ITF жұптық турнирінің жеңімпазы атанды. Ол ресейлік Мария Головинамен (№608) бірге өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Финалда 21 жастағы Сағандықова мен 18 жастағы Головина Жапония өкілдері Ману Кавамураны (№356) және Хонока Кобаяшиді (№824) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Аружан үшін бұл - мансабындағы бесінші ITF титулы және жұптық разрядтағы үшінші жүлде. Ол Головинамен бірге алғаш рет турнир ұтты, ал Головина үшін бұл - сегізінші ITF титулы және жұпта алтыншы жеңіс. Екеуі Ахмедабадта төрт матч өткізіп, бірде-бір сетте жеңілген жоқ.
Айта кетейік, Үндістандағы турнирдің жалпы жүлде қоры (жекелей және жұптық разрядты қосқанда) 15 мың АҚШ доллар (7,6 млн теңге) болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz