Қазақстандық танымал теннисшілер Токиода бір-бірімен ойнайтын болды

Қазақстандық танымал теннисшілер Токиода бір-бірімен ойнайтын болды
Фото: Андрей Ударцев

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жүлде қоры 1,2 миллион доллардан асатын Токиодағы (Жапония) WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Massaget.kz.

WTA рейтингінде 67-орында тұрған Путинцева Toray Pan Pacific Open-2026 турнирінің алғашқы кезеңінде әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, қазіргі таңда рейтингте 30-орында тұрған грекиялық Мария Саккаримен кездесті.

2 сағат 26 минутқа созылған ойында отандасымыз 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Путинцева қарсыласымен жеке кездесулердегі есеп айырмасын 2:3-ке дейін қысқартты.

Турнирдің екінші айналымында Юлия Путинцева Қазақстанның тағы бір өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Рыбакина былтыр осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Токиодағы турнир 1 қарашаға дейін жалғасады. Жарыстың қазіргі чемпионы – әлемдік рейтингте 20-орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчич. Алайда ол турнирге қатысудан бас тартып, маусымды мерзімінен бұрын аяқтады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget