Қазақстандық тағы бір төреші Париж Олимпиадасына шақырту алды

Қазақстандық тағы бір төреші Париж Олимпиадасына шақырту алды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық төреші Тимур Әмірбеков Халықаралық гимнастика федерациясынан  ( FIG ) 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында спорттық гимнастиканы төрелік етуге шақырту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қазақстандық маман қазылық ететін төртінші жазғы Олимпиада ойындары болмақ.

Бұған дейін Тимур Әмірбеков 2004, 2012 және 2016 жылғы төртжылдықтың басты додаларында төреші болған.

Айта кетейік, жақында көркем гимнастикадан қазақстандық төреші Алуа Бектұрова да Париж Олимпиадасына шақырту алған еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан