Қазақстандық таеквондошылар Болгарияда сынға түседі

Қазақстандық таеквондошылар Болгарияда сынға түседі
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы таеквондодан Болгарияның София қаласында өтетін Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыста Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі таеквондошылары сынға түседі. Турнир үш жас санатын, яғни жасөспірімдер, жастар және ересектер аралығын қамтиды. Бұл дода қазақстандық спортшылар үшін 2026 жылғы алғашқы ресми турнир болмақ.

Айта кетейік, турнир 27-28 ақпан аралығында өтеді. Бұл жарысқа 30-дан аса елден 1 269 спортшы қатысады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget