Қазақстандық таеквондошы Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандық таеквондошы Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Фото: ҰОК

Анталияда (Түркия) таеквондодан Turkiye Open-2026 турнирі өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды.

Батырхан Төлеуғали (87 келіге дейін) ұлттық құрамаға алтын медаль сыйлады. Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Абылайхан Мергенбай (63 келіге дейін) мен Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева екінші орынға ие болған еді. Ал Нодира Ахмедова (53 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget