Таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open халықаралық турнирінде жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті.
Нодира Ахмедова финалға шығу үшін өткен бәсекеде қытайлық Цзюй Цзоға жол берді.
Осылайша, ол жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!