Қазақстандық таеквондошы гран-при кезеңінде қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы гран-при кезеңінде қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Алғашқы жекпе-жегінде Айдана Құмартаева Германия өкілі Супхрада Атеслиді жеңді. Одан кейін Коста-Рика спортшысы Джейси Бассетттен басым түсті.

Ширек финалда Айдана Құмартаева Франция спортшысы Мах Тенинбой Фофанамен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің қазіргі чемпионы, Тайбэй өкілі Лю Ю-юнмен кездесті. Жекпе-жек 2:0 есебімен қарсыластың жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде Айдана Құмартаева үшінші орын алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!