Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
68 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда Қазақстан өкілі вьетнамдық Ле Туанмен кездесті. Абабакиров раундтар бойынша 2:0 есебімен басым түсті.
Ширек финалда қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Мун Джинхомен кездеседі.
Бұған дейін Тамерлан Тілеулес ел тарихында тұңғыш рет таэквондодан Азия ойындарының чемпионы атанды.
20 жастағы қазақстандық 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz