Қазақстандық спортшылар туды ұстау кезінде түркиялық спортшымен жанжалдасып қалды

Қазақстандық спортшылар туды ұстау кезінде түркиялық спортшымен жанжалдасып қалды

Қазақстандық спортшылар Түркияның Анталья қаласында армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында қызық жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

50 келіге дейінгілер арасындағы марапаттау рәсімінде болған жағдай әлеуметтік желіде тарап кетті.

Диана Тюкова мен Дана Асанова еліміздің туын шығарғаны бірінші орын алған түрік қызы Чалаян Деря Джеренге ұнамай қалып, ол өз туымен Қазақстан байрағын жауып тастады.

Нәтижесінде, қазақ қыздары оңтайлы шешім тауып, қазақстандық туды көкке көтерді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова