Қазақстандық дзюдошылар Ханчжоуда өтіп жатқан пара Азия ойындарының финалында кездесті. 73 килоға дейінгі салмақта (J1 санатында - зағип спортшылар) Ерғали Шамей мен Асылан Нұрдәулетов өзара мықтыны анықтады.
Татамидегі белдесуде Ерғали Шамей Асыланды иппонмен ұтып, жеңімпаз атанды. Нұрдәулетов пара Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 13 медаль бар. Оның 3-і – алтын, 5-і – күміс, қалған 5-і қола медаль.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!