- Негізгі бет
- Спорт
- Қазақстандық спортшылар пара...
Қазақстандық спортшылар пара Азия ойындарының финалында өзара мықтыны анықтады
Фото:
drs
Қазақстандық дзюдошылар Ханчжоуда өтіп жатқан пара Азия ойындарының финалында кездесті. 73 килоға дейінгі салмақта (J1 санатында - зағип спортшылар) Ерғали Шамей мен Асылан Нұрдәулетов өзара мықтыны анықтады.
Татамидегі белдесуде Ерғали Шамей Асыланды иппонмен ұтып, жеңімпаз атанды. Нұрдәулетов пара Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 13 медаль бар. Оның 3-і – алтын, 5-і – күміс, қалған 5-і қола медаль.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай