Қазақстандық спортшылар Азия кубогында екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Азия кубогында екі медаль жеңіп алды
Фото: t.me/olympickz

Қазақстандықтар триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында екі жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтониге (Түркия) бұйырды - 00:58:56.

Айта кетейік, 19-20 шілде аралығында Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы өтіп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget