Бүгін Таиландта өтіп жатқан турнирде қазақстандық спортшылар сынға түседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іріктеу кезеңі нәтижесінде Қазақстан Ұлттық командасының еншісінде командалық сынның 3 финалы бар.
Атап айтқанда, блокты садақтан Қазақстан әйелдер командасы (Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Диана Юнусова) ақтық сында Үндістанмен шеберлік байқасады. Сонымен қатар, классикалық садақ ату дисциплинасында Қазақстан ерлер командасы (Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Дәулеткелді Жаңбырбай) мен Қазақстан әйелдер құрамасы (Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Александра Землянова) бас жүлдеге таласады.
Жекелей сында қазақ спортшылары ақтық сынға жолдама ала алмады.
Айта кетейік, финал 27 наурызға жоспарланған. Ал ертең аралас командалық сайыстан жарыс өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!