Қазақстандық спортшылар Азиадада академиялық ескек есуден тарихи алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында ерлер арасында рульсіз қос ескекті қайықпен жарысудан А финалында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Олар шешуші бәсекеде қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды.

Күміс жүлдені қытайлық Чуан Цао мен Мэншуай Ян иеленді. Олар 2,09 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев (6:32,34) жайғасты.

Осылайша, Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Қазақстан құрамасы қоржынына Азия ойындарының алтын медалін салды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз